Қазақстанда жарықтың өшу себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

Қазақстанда жарықтың өшу себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Сурет: Iaea.org

Барлық өңірлердің тұтынушыларына жарық қайта берілді.

Қазақстанда арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауға себеп болған «КЕGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және даму себептері мен шарттарын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды», - делінген ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы апаттық жағдайда ажыратылып, сол күні сағат 16.00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.