Қазақстанда заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі өскен

Қазақстанда заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі өскен
Сурет: Kapital.kz

7 пайызға ұлғайып, 6,4 трлн теңгені құрады.

Осы жылдың қаңтар-шілдесінде заңды тұлғаларға берілген кредит 6,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ақша-кредит талаптарының қатаңдатылуына (базалық мөлшерлеменің артуына) қарамастан, банктер кредиттік белсенділігін жалғастыруда. Өткен жылы екінші деңгейлі банктердің кредиттік портфелі 18,5 трлн теңгеге дейін 26,5 пайызға (3,9 трлн теңге) өсті. Өткен жылғы кредиттеу үрдісінің жалғасын біз биылғы жылы да байқап отырмыз. Биылғы жылдың басынан бастап кредиттік портфель шілдеде 20,4 трлн теңгеге дейін 10,1 пайызға (1 864,5 млрд теңге) артты. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелі өткен жылы 7,8 трлн теңгеге дейін 9,3 пайызға (661,8 млрд теңге), ал биыл 8,0 трлн теңгеге дейін тағы 2,9 пайызға (222,3 млрд теңге) өсті. Егер ЕДБ-ға жаңа кредиттер беруді қарастырсақ, онда олардың ағындары, әсіресе заңды тұлғаларға берілген кредиттер экономикадағы іскерлік белсенділікті ынталандырады», - деді ол Мәжіліс депуаттарының сауалына берген жауабында.

Оның дерегінше, өткен жылы заңды тұлғалар 9,9 трлн теңгеге бұрынғы кредиттерін өтеу кезінде заңды тұлғаларға жаңа кредиттер беру 11,1 трлн теңгеге дейін 20,3 пайызға өсті.

«Осы жылғы қаңтар-шілде айларында заңды тұлғаларға берілген кредиттер өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайып, 6,4 трлн теңгені құрады. Микроқаржы, квазимемлекеттік, ипотекалық ұйымдардың екінші деңгейлі банктерге қарыздарын қоса алғанда, кеңейтілген анықтамадағы кредиттер биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2022 жылғы 1-жартыжылдықта 7,7 пайызға ұлғайып, 25,2 трлн теңгені құрады», - деді Ғалымжан Пірматов.