Қазақстанда үш жылда жаңартылған 48 энергия нысаны салынады

Қазақстанда үш жылда жаңартылған 48 энергия нысаны салынады
Сурет: Geoenergetics.ru

Үкімет бірқатар жобаларды пысықтап жатыр.

Қазақстан Үкіметі алдағы үш жылда жаңартылған 48 энергия нысанын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы 18 қазанда Энергетика министрі Болат Ақшолақов айттты , деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Энергетика министрлігі электр энергиясына деген орта мерзімді қажеттілікті жабу үшін генерация секторындағы бірқатар жобаларды пысықтап жатыр.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жиынтық қуаты шамамен 2300 МВт болатын 140-тан астам ЖЭК объектісі жұмыс істейді. Электр энергиясын жалпы өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 3,7% болады. ЖЭК секторына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1 трлн теңгеден астам. Биыл ЖЭК-тен алынған электр энергиясының көлемі 4,5 млрд кВт/сағ немесе өндірістің жалпы көлемінің 4% көлемінде болжанады. Бұл ретте қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған шарттар шеңберінде 3 жыл ішінде жиынтық қуаты 850 МВт-тан асатын 48 ЖЭК объектісін қосымша енгізу жоспарлануда», - деді Энергетика министрі.