Қазақстанда үш жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда үш жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Сурет: Wrike.com

Ұсынылған құжаттарды талқылау тамыз айында аяқталады.

Елімізде үш жаңа мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілмек.

Оған келесі кәсіби мерекелерді қосу ұсынылып отыр: 

- 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;

- 9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлері күні;

- 19 желтоқсан – Жарнама маманы күні.

Қаулыға толықтыру енгізу туралы құжаттар Ашық НҚА сайтында жарияланған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні туралы құжатты қоғамдық талқылау мерзімі – 2 тамызға дейін. Ал Кәсіпкерлер мен Жарнама мамандарының күні туралы құжатты талқылау мерзімі 8 тамызға дейін деп көрсетілген.