«Қазақстанда WhatsApp жұмысын тоқтатады»

«Қазақстанда WhatsApp жұмысын тоқтатады»
Сурет: XChip.ru

Ел аумағында WhatsApp мессенджерінің жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат мектептерге таралды.

Қазақстандықтарды алаңдатқан бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР БҒМ білім беру мекемелеріне немесе басқа жерлерге мұндай хабарламалар жібермеген.

«Министрлік білім беру ұйымдарына мұндай ақпарат жіберген жоқ. Білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпарат пен жаңалықтар әлеуметтік желілерде және ҚР БҒМ сайтында жарияланады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Мессенджер Қазақстан аумағында жұмысын тоқтатады деуге ешқандай негіз жоқ. Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, БАҚ-та да тиіс ақпарат шыққан жоқ. Сондай-ақ, Қазақстанға қатысты ешқандай санкциялар енгізілмегенін атап өткен жөн.