Қазақстанда VIP нөмірлердің бағасы өсті

Қазақстанда VIP нөмірлердің бағасы өсті
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде көлік нөміріне арналған мемлекеттік баж салығы өсті.

Биылдан бастап қарапайым нөмірлер үшін жүргізушілер 10 337 теңге төлейді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 31 арнаға сілтеме жасап. 

Әдемі әрі "айналы" нөмірлердің ең арзаны 210 444 теңгеден басталады. Мұндай соманы сіз 010, 020, 030, 040, 077, 707 секілді сандар үшін бересіз. Ал біркелкі сан мен біркелкі әріптен тұратын нөмірлердің құны екі есеге, яғни 420 888 теңгеге қымбаттаған. 100, 111, 200, 222, 300, 333 секілді VIP нөмірлер үшін 505 804 теңге салық төлеуге тура келеді. Егер осы сандарды бірдей әріппен алғыңыз келсе – 716 248 теңгені санап бересіз.

Жалпы, 001, 002, 003, 777 секілді нөмірлер елімізде ең қымбат болып саналады. Мұндай нөмірлер 1 052 220 теңге тұрады. Жалпы көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады.