Қазақстанда түсірілген фильмдерге ұлттық мәртебе беру тәртіптері өзгереді

Қазақстанда түсірілген фильмдерге ұлттық мәртебе беру тәртіптері өзгереді
Сурет: Minber.kz

Бұйрық «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

Мәдениет және спорт министрінің «Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізіліледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұсынылып отырған құжат «кинематографиялық қызмет субъектілері», «өтініш беруші» терминдерімен толыққан.

«Егер фильмде ҚР Ұлттық тарихындағы, қазіргі өміріндегі оқиғалар бейнелейтін болса, жалпыадамзаттық гуманитарлық, әлеуметтік және адамгершілік проблемаларға, еліміз үшін әлеуметтік-мәдени маңызы бар әлемдік тарихтағы оқиғаларға арналған немесе ҚР халықаралық деңгейдегі имиджі мен беделін нығайтуға ықпал етсе, ол кино ұлттық болып танылады», - деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, еліміз ратификациялаған халықаралық шарт талаптарына сәйкес, шетелдік кинокомпаниялармен бірлесіп түсірілген фильмдерге де ұлттық мәртебе берілуі мүмкін.

Талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.