Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті

Қазақстанда тұрғын үй бағасы өсті
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттады.

Бұған еліміздің статистика бюросының мәліметтері дәлел. Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендерінде бір ай ішінде өсім 1%-тен асты. Осылайша жаңа үйлердің құны шаршы метріне 423 705  теңге шамасында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Статистикаға, әсіресе, Өскемен, Семей, елорда, Шымкент және Алматы қалаларындағы бағаның өсуі әсер етті. Сонымен қатар «екінші деңгейлі үйлер» наурыз айымен салыстырғанда 0,4%-ке ғана қымбаттады. Мұнда Өскемен, Қызылорда және Қостанай көш бастап тұр. Бір жылда, 2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында, қолданыстағы пәтерлердің бағасы 26,8%-ке, жаңа тұрғын үйлерде 19,5%-ке өсті.