Қазақстанда тоғыз адам КВИ жұқтырды

Қазақстанда тоғыз адам КВИ жұқтырды
Сурет: 24.kz

СOVID-19 жұқтырғандар саны 1 305 769 адамға жетті.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 

Инфекция жұқтырғандар үш өңірде тіркелген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 3, Алматыда - 3, Қарағанды облысында – 3. 

Сонымен, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 769 жетті.

Сондай-ақ, 1 науқас – Қарағанды облысының тұрғыны жазылып шықты. Айта кетсек, елімізде барлығы 1 292 020 адам COVID-19-дан емделді.