Қазақстанда тарауих намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді

Қазақстанда тарауих намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілді
Сурет: Inform.kz

Ауызашар беруге рұқсат етілді. 

Ораза - айлардың сұлтаны. Дұға-тілектердің қабыл болып, сауаптың еселенетін уақыты. Осылай деген Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан барша мұсылман жұртын құттықтап, Рамазанда ниет етіп, ораза ұстайтын жамағатқа қажетті мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.  

Бас имамның айтуынша, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімімен, биылғы оразада тарауих намазын жамағатпен оқуға және көптің басын қосып, ауызашар беруге рұқсат етілді.

«Бүгін екі жылдық үзілістен кейін  жамағат тарауих намазына қайта сап түзейін деп отыр. Бұл сәтті мұсылмандар асыға күтіп отыр. Амандық берсе, бүгін кешке Қазақстанның бүкіл мешітінде тарауих намазы басталады. Бұл – Рамазан айына ғана тән намаз. Одан бөлек, ауызашар беруге ниетті кісілер қаншама мұсылман жамағатына дастархан жаятын болады», – деді Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан.