Қазақстанда соңғы он жылда көлік үш есе қымбаттаған

Қазақстанда соңғы он жылда көлік үш есе қымбаттаған
Сурет: Tobolinfo.kz

Freedom Finance Insurance мамандары осындай қорытынды жасаған.

Машиналардың құнын салыстыру үшін мысал ретінде қазақстандық автокөлік иелері Freedom Finance Insurance СК-да жиі сақтандыратын модельдер алынды. Олардың арасында Toyota Camry, Volkswagen Polo, Hyundai Accent және Kia Rio эконом және бизнес-сыныптарының седандары болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«2012 жылы орташа жалақы 106 620 теңге ($718) болған кезде автокөлік иелері жаңа автомобильдерді орташа есеппен 3,5 млн теңгеге сатып алды, бұл қазіргі бағалармен және орташа жалақымен салыстырғанда 272 968 теңге ($526) үш есе арзан», – делінген хабарламада.