Қазақстанда соңғы 10 жылда оқушылар саны 1 млн-ға өсті

Қазақстанда соңғы 10 жылда оқушылар саны 1 млн-ға өсті
Сурет: Kazakh24.info

Осыған байланысты мектептерге түскен жүктеме - ауыр.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Жайлы мектеп»  ұлттық жобасы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

«Тек соңғы 10 жылдың ішінде оқушы саны 1 млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп қалды. Бұл тарихта болмаған рекордтық көрсеткіш. 

Осыған байланысты мектептерге үлкен жүктеме түсіп отыр. Проблемаға әсер етіп отырған бес фактор бар. 

Олар - урбанизация, миграция, туу көрсеткіші, мектеп ғимараттарының тозуы және мегаполистерде тұрғын үйлердің тығыз салынуы.  Бұл факторлар жобада толығымен ескерілді», - деді министр.