Қазақстанда шағын компаниялар саны 23 пайызға өсті

Қазақстанда шағын компаниялар саны 23 пайызға өсті
almaty-akshamy.kz

Салық саласында енгізілген каникул кезінде өз жұмысын жақсы жүргізген шағын компаниялар саны 23 пайызға өсті. Тек 2022 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 17 пайызға артты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Қазақстанда тіркелген шағын компаниялар саны 2023 жылдың басында 498 мыңға жетіп, жылдық өсім 5,3 пайызды құрады. Оның ішінде 390,3 мың шағын кәсіпорын жұмыс істеп тұрған, бір жылда олардың саны 13,4 пайызға өсті. Өз қызметінде жақсы көрсеткіштер болған шағын компаниялар саны 2022 жылы бірден 17,4%-ға өсіп, 194,4 мыңға жетті», - делінген Finprom.kz мәліметінде. http://finprom.kz/ru/article/za-period-nalogovyh-kanikul-kolichestvo-aktivnyh-malyh-kompanij-vyroslo-na-23

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылдың соңына дейінгі кезеңде арнаулы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тоқталсақ, салық саласындағы каникул кезінде тіркелген шағын компаниялар саны 13,7%-ға артты. Осы орайда жұмыс істеп тұрғандары 30,3 пайызға, қызметі белсенді компаниялар 22,6 пайызға өсті.

Салық төлеуден босатумен қатар, кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге де мораторий енгізілді.

Қызметі жақсы жүріп жатқан шағын компаниялар Алматы қаласында тіркелді, яғни 50,8 мыңы осы шаһарда жұмысын жалғастырып жатыр. Одан кейінгі орында Астана – 33,3 мың компания. Сонымен қатар, жұмысы қарқынды шағын кәсіпкерлік субъектілерінің едәуір бөлігі Қарағанды облысына (11,2 мың), Шымкент қаласына (8,2 мың) және Павлодар облысына (7,9 мың) тиесілі.

Аталған шағын компаниялардың көпшілігі сауда, автомобиль мен мотоциклдерді жөндеу секторында жұмыс істеп келеді. Одан кейінгі орында құрылыс секторы тұр. Бұл үштікке білім беру саласы да енді.