Қазақстанда саяси мәдениет қалыптасты

Қазақстанда саяси мәдениет қалыптасты
Сурет: Liter.kz

Мұны референдумның нәтижесіне қарап-ақ айтуға болады.

Ел үшін маңызды саяси шара кезінде халық белсенділік танытып, Президент бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Мұндай пікір «Sarap» эксперттік клубының отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

5 маусымда қазақстандықтар демократиялық өзгерістер үшін дауыс берді. Енді Конституциялық реформаларды іске асыру кезеңінде көптеген заңға өзгеріс енгізіледі. Осы заңдарды қарау кезінде де қоғамның белсенді болуы маңызды.

«Сонда ғана біз демократиялық, құқықтық, әділетті және әлеуметтік мемлекет құрамыз», - дейді жиынға қатысушылар.
"Жиырмаға жуық заңға өзгеріс енгізу керек. Ол да үлкен жұмыс. Бұған тек мемлекеттік қызметкерлер емес, азаматтық қоғам институттары, саяси белсенді азаматтар араласу керек. Өйткені осындай талқылау барысында, жиындарда барлық азаматтың көзқарасы айтылуы керек, яғни сол жерде елімізге, жүйеге тиімді заңдар дүниеге келеді", - деді Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Аян Сакошев.