Қазақстанда республикалық жолдардың бәрі ашық

Қазақстанда республикалық жолдардың бәрі ашық
Сурет:5region.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық жолдардың барлық бағыттар бойынша ашық екенін мәлімді.

Ведомствоның мәліметінше, республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Демалыс күндері күре жолдарға 300 текше метрден астам құм-тұз қоспасы себілді.

26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық.

"ҚазАвтоЖол мамандары" жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.

Өткен демалыс күндері 1403 қысқа нөміріндегі call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.