Қазақстанда радикалдық идеологиядан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Қазақстанда радикалдық идеологиядан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Сурет: Ritual.ru

Әлеуметтік жоба аясында арнайы қор жұмыс істейді.

Қазақстан Үкіметі радикалды діни идеологияны ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында республика бойынша арнайы жобаны іске асырмақ. Осы мақсатта  «AQNIET» қоры еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның барлық өңірлерінде радикалдық идеологиядан зардап шеккен немесе діни сананың радикалдану қаупі бар аймақтағы дінге сенушілермен түсіндіру және оңалту жұмыстарының бірыңғай тәсілдерін енгізу және қамтамасыз ету болып табылады. Жоба аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде «AQNIET» ҚҚ өкілдіктерінің арнайы кеңселері ашылды», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қор мамандары дінге сенушілерге және олардың айналасындағыларға кез келген қажетті көмекті көрсетуге дайын. Рухани тұрғыда туындаған қиындықтар, яки қиын өмірлік жағдайға тап болған (үйде, жұмыста, оқу орнында пайда болған дін негізіндегі қақтығыстар, дінбасылармен, мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қақтығыстар) кез келген адам осы орталықтың теологтары мен психологтарына жүгіне алады.

«AQNIET» ҚҚ өңірлердегі арнайы өкілдік кеңселерінің мекен-жайларының тізімі:

- Нұр-Сұлтан қаласы, «Радуга» ТК, Қабанбай батыр даңғылы, 5/1 үй, ВП-2;
- Ақтау қаласы, № 28 ш.а., 46/5 үй, 2-қабат, № 2-Б-5, 2-Б-6, 2-Б-7 каб.;
- Ақтөбе қаласы, М.Оспанов көшесі, 52/2 үй;
- Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 187/4 үй;
- Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 13 үй, Б блогы, 3А бөлме;
- Жезқазған қаласы, Амралин көшесі, 3 үй;
- Көкшетау қаласы, Сабатаев көшесі, 138/нп 80 үй, № 2 кеңсе;
- Қостанай қаласы, Амангелді көшесі, 127 үй;
- Қызылорда қаласы, Сырдария ш.а., 19 үй;
- Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 64 үй, 1 кеңсе;
- Петропавл қаласы, Шухов көшесі, 16 үй;
- Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36Б үй;
- Түркістан қаласы, О.Мұсабеков көшесі, 20А үй;
- Өскемен қаласы, Сәтпаев көшесі, 7 үй, 33 кеңсе;
- Орал қаласы, Абай даңғылы, 35/1 үй, 1 пәтер;
- Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, 127 үй, «Нұр-Аман» БО, № 303, 305 каб.

«AQNIET» ҚҚ Алматы облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Маткаримов Жеңіс Әбибуллаұлы, тел. 8(702)117-73-70.
«AQNIET» ҚҚ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Тулегенов Дулат Рашидович, тел. 8(747)955-15-24.