Қазақстанда президенттікке тіркеу аяқталып, кандидаттар анықталды

Қазақстанда президенттікке тіркеу аяқталып, кандидаттар анықталды Сурет: Ашық дереккөзі

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді


21 қазан күні сағат 18:00-де ел президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді:
1. Қасым-Жомарт Тоқаев – қазіргі мемлекет басшысы.
2. Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
3. «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкен.
4. Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
5. Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
6. Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі.


Мына кандидаттар ҚР президенттігіне кандидаттар үшін заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, Орталық сайлау комиссиясынан сайлауалды жарысқа қатысуды жалғастыруға рұқсат алған жоқ:
• «Асар» оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов.
• Қазақстан құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев.
• «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизақова.
• «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» қоғамдық бірлестігінен Бақыт Жаңабаев.
• «Мұқамас» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұржан Әлтаев.
• «Халық демографиясы» ҮЕҰ ұсынған Жұматай Әлиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26