Қазақстанда Pfizer екпесін қанша адам салдырғаны айтылды

Қазақстанда Pfizer екпесін қанша адам салдырғаны айтылды
Cурет: Ашық дереккөз

10 сәуірге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 465 962, 2-ші компонентін 9 198 853 адам салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ведомствоаралық комиссияның жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратына қарағанда, Pfizer екпесінің 1-ші дозасын 985 053 азамат, 2-ші дозасын 854 008 тұрғын салдырды.

Оның ішінде алғашқы компонентімен 794 847 жасөспірім, 36 514 жүкті әйел, бала емізетін 130 546 әйел қамтылса, екінші компонентін 710 976 жасөспірім, 31 073 жүкті әйел, бала емізетін 110 774 әйел қабылдаған.