Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді

Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді
Сурет: Elorda.info

Өткен жылы халықаралық жарыстарда қазақстандық параспортшылар 187 медаль жеңіп алды.

Оның ішінде 62 алтын, 63  күміс және 62 қола медаль бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), жүзгіштер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) салған. Біздің парадзюдошыларымыз (20 медаль, 6 алтын) бен паратаэквондошыларымыз да ерекшеленді (16 медаль, 2 алтын).

 Отандық параспортшылар халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), парашаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), параүстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), парасадақ ату (2 медаль, 1 алтын) және паракаратэ (1 алтын жүлде).

 Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Олар жылдың ең ірі турнирлеріне тап келіп, белсенді қатысты. Қараша айында IWAS Дүниежүзілік ойындары өтті – бұл екі жылда бір рет халықаралық арбада отырғандар мен ампутанттар спорт федерациясы өткізетін жарыстар. Оларда Қазақстан 42 медаль жеңіп алды: 11 алтын, 17 күміс және 14 қола.

 Маусым айында пауэрлифтингтен Азия мен Океания ашық чемпионаты өтті, онда біздің спортшылар 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлдеге ие болды. Ал қазан айы осы спорт түрінен әлем чемпионатымен есте қалды. Бұл турнир Қазақстан қоржынына 10 медаль салды.

«Қазақстанда параспорт қарқынды дамып келеді, ал спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстардың тұғырына үнемі көтеріледі. Әрине, біз мұнымен тоқтамаймыз. Керісінше, параспортқа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе, Париждегі Паралимпиада қарсаңында дайындықты күшейту керекпіз», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.