Қазақстанда өзін өзі жұмыспен қамтыған 5 адамның 2-еуінің жиынтық кірісі 70-80 мың теңгеден аспайды

Қазақстанда өзін өзі жұмыспен қамтыған 5 адамның 2-еуінің жиынтық кірісі  70-80 мың теңгеден аспайды
Сурет: Tengrinews.kz

Еліміздегі өзін өзі жұмыспен қамтушы 2,1 миллионнан астам адамның 862 мыңы осындай мөлшерде ғана табыс табады.

Жылдың басында Қазақстан Республикасындағы өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 2,1 миллионға жуықтаған, бұл көрсеткіш 2020 жылдың соңғы тоқсанының қорытындыларымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы 5 жылда осы көрсеткіш 2,1 миллионның айналасында, ал осыдан 10 жыл бұрын 2,7 миллион адамға жеткен болатын. Елімізде өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар жұмыс істейтін халықтың 23,8%-ын құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны дәстүрлі түрде ауылдық жерлерде басым болып тұр: яғни 2021 жылдың аяғындағы мәлімет бойынша, Қазақстан Республикасының 57%-ын құраған. Сонымен қатар қалалық және ауылдық жерлерде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасындағы алшақтық біртіндеп азайып та келеді. Осылайша, 10 жыл бұрын ауылда өзін өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 68,8% болса, 5 жыл бұрын 65,2% -ға азайып, ал 2020 жылы 58,5%-ды құрады. 2021 жылы қалаларда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 4,9% -ға, яғни 901,5 мың адамға, ал ауылдық жерлерде, керісінше, 1,3% -ға, яғни 1,2 миллионға дейін төмендеді.

Гендерлік тұрғыдан алғанда да өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер мен ерлер санының арасындағы айырмашылық онша көп болған жоқ. Осылайша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ерлердің үлесі 54,7% немесе 1,2 миллион адам, ал әйелдердің үлесі 45,3% немесе 948,5 мың адамды құрады.

Қазақстан Республикасының аймақтары арасында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ең көп саны Түркістан облысында байқалды - 359,9 мың адам. Одан кейінгі орында Алматы (278,8 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысы (191,4 мың адам) тұр.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жартысынан көбі (1,2 миллион адам) қызмет көрсету саласында болса, үштен бір бөлігі (630,3 мың адам) ауыл, орман және балық шаруашылығымен айналысады, ал қалған 221,3 мың адам өнеркәсіп және құрылыс салаларында жұмыс істейді.

2,1 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында 862,1 мың адам,  немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 41,2%-ның жиынтық кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 мөлшері мен 80 мың теңге арасында  болып отыр.

* 2021 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34,3 мың теңге болса, 2022 жылы 36 мың теңге болды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың екінші бір тобы - 100 мыңнан 150 мыңға дейін табыс табатындар, 328,1 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның табысы осы көлемде. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 және 2 мөлшеріндей ғана табысы барлардың саны 301,2 мың адам болған.