Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі өсті

Қазақстанда өнеркәсіптік өндірістің индексі өсті
Сурет: Rbc.ru

Алматы қаласында бұл көрсеткіш 112,7% құрады.

Қазақстан Үкіметі өндіріс көлемінің өскенін айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Алматы қаласы  (112,7%), Ақмола (109%), Атырау (108,7%) және Жамбыл (108%) облыстарының еншісінде. Бұл ретте төмендеу Қызылорда (3,9%-ға) және Павлодар (0,8%-ға) облыстарында тіркелді», - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2022 жылғы қаңтар-мамырда 19 506 млрд теңге өнеркәсіп өнімі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 10 257 млрд теңге (жалпы көлемнен 52,6%), өңдеу өнеркәсібінде 8 082 млрд теңге (41,4%) өнім өндірілді.

2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда шикі мұнай (104,7%) және табиғи газ өндіру (106,3%), сусындар (118,3%), темекі өнімдері (116,8%), химия (110,9%) және металлургия өнеркәсібі (103,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (111,4%), фармацевтика (104,7%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (105,2%) өндірісінің өсуі байқалды.