Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 1,4 % өсті

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 1,4 % өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл - он айда қол жеткізген көрсеткіш.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 1,4%-ға өсті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz КазТагқа сілтеме жасап.

«Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті», - делінген стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Статистикалық ақпарға сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда, түсті металдар кені өндірісінің 7,8%-ға, көмірді өндіру 1,6%-ға, сусындар 8,9%-ға, темекі өнімдері 2,7%-ға, жеңіл өнеркәсіп 7,8%-ға, химия 0,6%-ға және металлургия өнеркәсібі 4,4%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары 4%-ға өсуі байқалды.

Еске салсақ, 2022 жылдың қаңтар-қазанында Қазақстанда мұнай өндірісі 2,4%-ға, газ конденсаты 3,6%-ға, табиғи газ 1,5%-ға өскені байқалады.