Қазақстанда өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді

Қазақстанда өндірістегі жазатайым жағдайлар азайып келеді
Сурет: Europa.jobs

2020 жылға қарағанда 27 адамға аз.

Өткен жылы еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер саны 2133 адамды құрады, оның ішінде 389 адам (18,2%) – әйелдер. Мұндай деректерді Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Зардап шеккендердің жалпы санынан қаза тапқандар саны 176 адамды құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 27 адамға аз», - делінген бюро ақпаратында.

Бұл ретте жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталуда. Онда 2021 жылы 537 жағдай тіркелді, бұл жалпы жағдайлардың 25,2% құрайды.

Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы, онда өндірісте 320 адам жарақат алды (жалпы санының 15%).

Топтық жазатайым оқиғаларда 240 адам, кәсіби ауруларға байланысты 351, уланудан 47 адам зардап шекті. Сондай-ақ 24 қызметкер мас күйінде жарақат алған, есірткіден мас болған 8 адамның жарақаттану жағдайы тіркелген. Психикалық бұзылу салдарынан өндірісте 9 адам жарақат алды.

Статистика деректеріне қарағанда, өңдеу өнеркәсібі - ең қауіпті сала, өткен жылы бұл салаға жазатайым оқиғалардың 26,8%-ы келді.

Екінші орында – тау-кен өнеркәсібі, зардап  20,8%-ы осы секторда жұмыс істеді.

Мертігудің ең аз саны ауыл, орман және балық шаруашылығының үлесіне келеді, мұнда жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің үлесі - 2,9%.