Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беріледі

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беріледі Сурет: Proforientator.ru

Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.



«Саяси қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесіне басымдық беру керек.Үкіметке тиесілі құзырлықтың бір бөлігін министрліктерге бөлу қажет – нақты бір сала саясатына «ұжымдық кабинет» емес, нақты министр жауапты болуы тиіс. Ал, Үкімет салааралық мәселелерді шешуге ден қояды», - деді Мемлекет басшысы.



Бұған дейін Президент ашығын айтып, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатқанын сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет