Қазақстанда «Мектептегі шахмат» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Қазақстанда «Мектептегі шахмат» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдау кезінде айтты.

Президенттің сөзінше, елдегі 7 мың шахмат секциясын екі есе көбейту керек. Қазір ел бойынша шахматпен 200 мыңнан аса адам айналысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

- Бұл спортты қолдауға баса мән береміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Аркадий Дворкович Мемлекет басшысына Астанада гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ федерация шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.