Қазақстанда макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

Қазақстанда макарон өнімдерін өндіру көлемі артты
Сурет: Egemen.kz

Биылғы көрсеткіштер 5,8%-ға өскен.

Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы көрсеткіштер 5,8%-ға өскен. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады», - делінген АШМ хабарламасында. 

Айта кетсек, шетелге 47,1 мың тонна макарон өнімі экспортталды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары - Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан.

«Макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2%-ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған еді», - делінген ведомство ақпаратында.