Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі

Қазақстанда құжат рәсімдеу жеңілдетіледі
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілені енді еліміздегі кез келген нотариуста рәсімдей алады.

Үйдің техникалық құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады. Бұл жөнінде Қонаев қаласында өткен халықпен кездесуінде Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Биыл «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, көп балалы отбасыларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау құрбандарына, 1-ші және 2-ші санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге құқықтық кеңес беру тегін көрсетіледі. Бұл қызметке 10 ай ішінде Алматы облысында алты жарым мың азамат жүгінген. Дегенмен облыстағы сот орындаушылары мен адвокаттардың жұмысында кемшіліктер бар», - деді министр.