Қазақстанда құстардың қысқы санағы жүргізілуде

Қазақстанда құстардың қысқы санағы жүргізілуде
сурет:azattyq-ruhy.kz

Санаққа кез келген адам қатыса алады.

21-23 қаңтарда суда жүзуші және су маңайы құстарының Халықаралық қысқы санағы өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Шараға кез келген адам қатыса алады. Қысқы санақты су құстары жиналатын кез келген қатпайтын су қоймасында жүргізуге болады.

«Қысқы санақты суда жүзетін құстар жиналатын кез келген су қоймасында жүргізуге болады. Шараның басты мақсаты - қыстайтын су құстарын, әсіресе, олардың ең көп шоғырлануы байқалатын аумақтарда біржолғы есепке алу. Алынған деректер Wetlands international ұйымындағы бірыңғай санақ координаторына жіберіледі және құстардың саны мен оның өзгеру динамикасын бағалау үшін пайдаланылады», - делінген Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының хабарламасында.

Қатысу шарты:

Жақын жердегі су қоймасына барып, есепті арнайы үлгіге енгізіп, қатысушылар фотосуретін тіркеп, artyom.khrokov@acbk.kz поштасына жіберу керек. Егер құстарды анықтай алмасаңыз, суретін жіберсеңіз, қай құс екенін мамандар айтып береді. 

Сұрақтар бойынша Астана 8 (7172) 91 00 44 және Алматыдағы 8 (727) 248 14 09 телефондары арқылы орнитологтарымызға хабарласуыңызға немесе artyom.khrokov@acbk.kz поштасына жазуға болады.