Қазақстанда КВИ жұқтырғандарға карантин кезеңі қысқартылды

Қазақстанда КВИ жұқтырғандарға карантин кезеңі қысқартылды
Сурет: Gov.kz

14 күннен 10 күнге дейін.

COVID-19 жұқтырған науқастар мен онымен байланыста болғандар үшін карантин кезеңі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар тіркелген адамдарда, «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады деп еске салады. 

«Қызыл» мәртебе қойылған адамдарда бұл статус COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады. 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады»,- деп хабарлады департаменттен.

Коронавирусқа теріс ПТР-тестілеу нәтижелері бар (COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алған сәттен бастап 7 күннен ерте емес өткізілген) инфекция жұқтырған адамдарда «қызыл» мәртебе оң нәтиже алған сәттен бастап 7 күн өткенге дейін сақталады. Мәртебе белгіленген мерзімнен кейін автоматты түрде өзгереді, қосымша өтініш ешқайда беру қажет емес.