Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін туристер ағыны артуда

Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін туристер ағыны артуда
Сурет: Poehali.kz

Еліміздің туристік саласының даму қарқыны жаман емес

«Kazakh Tourism»-нің хабарлауынша, тек өткен бір аптаның ішінде елімізге 3,5 мыңнан аса шетелдік келген. Отандық туристік салаға қолдау шаралары жетілдірілуде. Бүгінде 191 жобадан тұратын пул мақұлданған. Инвестицияның жалпы көлемі 3 трлн теңгеге жуық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Сапа белгісі» бағдарламасы бекітілді. Балалар мен жасөспірімдер туризмі, агротуризм, Жібек жолы бағыттары бойынша 3 300 туристік нысанға талдау жүргізілді. «Kazakh Tourism» Қазақстанға халықаралық шараларды тарту бағытында да жұмыс істейді. Бүгінде 2022-2025 жылдарға 5 мың шетелдік делегаттың қатысуымен іскерлік туризмнің 12 шарасы мақұлданды. Оның әрбір екіншісі туристік әлеуетті ілгерілетуге арналған. Бұл ретте цифрлық маркетинг пен пиар құралдарына басымдық беріледі», - дейді «Kazakh Tourism» ҰК басқарма төрағасы Талғат Аманбаев. 

Шетелде жоғары бағаға ие болған қазақстандық туристік нысандар аз емес, Отандық бірнеше қонақ үй «Lonely Planet» жаһандық баспа үйінің нұсқасы бойынша үздік деп танылған. Ал «Telegraph» басылымы Қазақстанды «қарқынды дамушы дестинация» деп танып, Алматы қаласын 2022 жылғы бюджеттік бағдарлар қатарына енгізді. «Көлсай көлдері» ұлттық паркі мен Саты ауылы «Әлемдік ауыл туризмі» номинациясында озық шықты.