Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші төмендеді
Сурет: 24.kz

1 шілдедеде коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz- сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 46, Алматы қаласында - 92, Шымкент қаласында – 16,Ақмола облысында – 2, Алматы облысында - 8, Атырау облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 1 адамнан вирус табылды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 984 жетті. Айта кетсек, кеше 189 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді. Бұған қоса тағы 48 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.