Қазақстанда көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады

Қазақстанда көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін онлайн-дауыс беру құралдары пайда болады Сурет: Rbc.ru

Осы арқылы онлайн жиналыстар өткізуге болады.


Қазақстан Үкіметі онлайн дауыс беру құралдарын шығаруға жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ortcom.kz сілтеме жасап.



«ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді», -  делінген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хабарламасында.



ТКШ саласы көп пәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа нысанына көшіру реформасын іске асыруды қажет етеді. Ол үшін көп пәтерлі үйлердің тұрғындары жалпы жиналыс өткізіп, меншік нысанын – мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестікті анықтауы қажет.


Алайда, бұл процесс қиын, өйткені дауыс беру кезінде көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері/үй-жайлары иелерінің жалпы санынан 50%-дан астамының дауысы тіркелуі керек, ал мұндай дауыстарды қысқа мерзімде жинау мүмкін емес.


Процедураларды жеңілдету үшін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесе отырып, онлайн дауыс беру құралдарын шығаруға жұмыс жүргізуде.


ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы ақпараттандыру объектілері арқылы дауыс беруге мүмкіндік береді.


Бүгінгі таңда Қазақстанда «Aula», «e-Knot», «Басқарма» сияқты ақпараттық жүйелер іске асырылды. Олар онлайн жиналыстар өткізуге және дауыс жинауға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38