Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді
Сурет: Gdeetotdom.ru

100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді. 

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов министрлік коммуналдық қызмет тарифтерін 180 күнге көтеруге мораторий енгізгенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап. 

«100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл тұрғындарға 3,2 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта тарифтер осы жылдың инфляциялық дәлізі аясында өзгереді»,- деді Тимур Жақсылықов.

Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін теңгеру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында министрлік мынадай шараларды қабылдайды:

  • қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
  • тұрғын үй көмегінің тетіктерін жетілдіру;
  • өңірдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір аймаққа жеке көзқарас.