Қазақстанда киіктердің мүйізі таңбаланады

Қазақстанда киіктердің мүйізі таңбаланады
Сурет: Syrboyi.kz

Арнайы ереже әзірленді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктердің мүйіздерін таңбалау ережелерін әзірледі, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 

Ережеге сәйкес республика аумағы арқылы тасымалданатын тауарларды кедендік транзит режимінде алып тастағанда киіктердің мүйіздері таңбалануға жатады.

Киіктерді заңсыз сатып алу немесе мекендеу ортасынан ажырату арқылы алынған мүйіздер таңбалауға жатпайды.

Киіктердің мүйіздерін таңбалауға арналған бұйым (QR-код) онда тіркелген деректер негізінде киіктердің мүйіздерін сәйкестендіру, есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйемен дайындалады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктердің мүйіздерін сатуды жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектілерінің өтініші негізінде бұйымдарды береді.

Киіктердің мүйізін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарғысы келетін мемлекеттік монополия субъектісі құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын дериваттар ел аумағынан экспорттауға немесе кері экспорттауға рұқсат алуға өтініш береді.

Рұқсатты әкімшілік орган құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, экспорттауға немесе кері экспорттауға рұқсат беру қағидаларына сәйкес береді.

Бұйымның жеке есептік нөмірі рұқсаттамада көрсетіледі.

Бұйымды мемлекеттік монополия субъектісінің маманы киіктің мүйізі бар әрбір вакуумдық пакеттің ішіне оны көзбен шолып қарауды қамтамасыз ететін және қайта пайдалануды болдырмайтын тәсілмен желімдейді.

Таңбаланған бұйымда келесі ақпарат қамтылады: мүйіздің жеке есептік нөмірі, коды, киіктің популяциясы, мүйіздің сатып алынған күні, мүйіздің ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нөмірі мен күні, бұйымның нөмірі, бұйымның берілген күні.

Құжат 2022 жылғы 16 маусымға дейін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.