Қазақстанда келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды

Қазақстанда келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды
Сурет: Gazeta.uz

Вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады.

Бұл туралы Онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады дейді. 

2013 жылы адамдағы папиллома вирусына қарсы вакцина егу еліміздің 4 аймағында пилоттық түрде жүргізілген. Сол кезден бергі зерттеулер оң нәтиже көрсетті.  Оған қатысқан ерікті қыз-келіншектер бақылауда болды. Оларда қазір вирустың белгілері жоқ. Бұл дамыған елдердің тәжірибесінде бар, - деді онкохирург-дәрігер Толқын Садықова.