Қазақстанда қанттың бағасы қанша?

Қазақстанда қанттың бағасы қанша?
Сурет: 24.kz

Ең арзан қант Атырау облысында.

Ұлттық статистика бюросы облыс бойынша қанттың маусымдағы бөлшек сауда бағасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Абай облысында түйіршіктелген қанттың бөлшек сауда бағасы 591 теңгеден 718 теңгеге дейін болған;

Ақмола облысында қанттың ең төменгі бағасы – 592 теңге, ең жоғарысы – келісіне 739 теңгеге дейін;

Ақтөбе облысында —  616 теңгеден 700 теңгеге дейін;

Алматы облысында — 539 теңгеден 786 теңгеге дейін;

Атырау облысында — 424 теңгеден 709 теңгеге дейін;

Батыс Қазақстан облысында — 490 теңгеден 750 теңгеге дейін;

Жамбыл облысында — 574 теңгеден 758 теңгеге дейін сатылуда;

Жетісу облысында  — 637 теңгеден, 759 теңгеге дейін;

Қарағанды облысында — 507 теңгеден 703 теңгеге дейін;

Қостанай облысында — 598 теңгеден 688 теңгеге дейін;

Қызылорда облысында — 576 теңгеден 662 теңгеге дейін;

Маңғыстау облысында — 570 теңгеден 620 теңгеге дейін;

Павлодар облысында — 475 теңгеден 640 теңгеге дейін;

Солтүстік Қазақстан облысында — 569 теңгеден 797 теңгеге дейін;

Түркістан облысында — 502 теңгеден 650 теңгеге дейін;

Ұлытау облысында — 439 теңгеден 683 теңгеге дейін;

Шығыс Қазақстан облысында — 591 теңгеден 717 теңгеге дейін.