Қазақстанда қант экспортына уақытша тыйым cалынды

Қазақстанда қант экспортына уақытша тыйым cалынды
Сурет: Euromag.ru

Арнайы шыққан бұйрық  мамырдың 23 күні қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан ақ қант пен шикі құрақ қантты сыртқа шығаруға алты айға тыйым салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тиісті бұйрықты ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылдың 4 мамырында шығарды.

Үкімет ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен аталған тыйымның енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлауды тапсырды.

Бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.