Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды?

Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Сурет: Kolesa.kz

Бүгінде 73 748 азаматтың көлігі тексеруден өтті.

Ішкі істер министрлігі бүгінге, яғни 17 ақпанға, дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру жалғасып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info-ға cілтеме жасап

«Шетелдік көліктерді заңдастыру үздіксіз жалғасып жатыр. Бүгінде 73 748 азаматтың көлігі тексеруден өтті. Оның ішінде, 32 002 көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді», – деді ІІМ өкілі.