Қазақстанда интернет жылдамдығы халықаралық стандартқа сай емес

Қазақстанда интернет жылдамдығы халықаралық стандартқа сай емес
Сурет: Ult.kz

Елімізде мобильді интернет байланысы жақсы дамып келеді.

Дегенмен алыс елді мекендерде атқаратын жұмыс баршылық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Халықаралық электробайланыс одағы ТМД аумақтық бөлімінің директоры Наталья Мочу осындай пікір айтты.

Мочудың айтуынша, ресми статистикада елдің интернетпен қамтылуы жақсы көрсеткішке ие. Көрсеткіш 2020-2021 жылдары пандемия кезінде жақсара түскен. 3G интернет желісі 100 пайыз бар деуге болады. Ал 4G интернет желісі – 97 пайыз шамасында. Бұл, әлбетте, оның сапасы да сондай жоғары деңгейде дегенді білдірмейді.

«Интернет сапасын арттыруға Қазақстанның әлеуеті бар. Дегенмен қолда бар мәліметтерді айта кетейін. Халықтың жартысынан (елу пайыздан төмен) аз бөлігі талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылған нүктеден он километрден аспайтын қашықтықта тұрады. Сондықтан оптиканы ірі, орта және тіпті шағын елді мекендерге міндетті түрде жеткізу керек деп есептейміз», - деді ол