Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны артып келеді

Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны артып келеді
Сурет: Inform.kz

Бүкіләлемдік желіні пайдаланушылар санының өсуімен қатар, мобильді интернеттің орташа жылдамдығы да артып келеді. Speedtest Global Index сарапшыларының есептеуінше, орташа жылдамдық бір жыл ішінде 63,4%-ке артып, осы жылдың басында секундына 19,64 мегабайтқа жеткен. Ал әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы небәрі 40,6% өскенін айта кеткен жөн.

Мұндай жағдай ұялы байланыс саласындағы рекордтық инвестициялармен байланысты. Білікті сарапшылардың пікірінше, бұл болашақта мобильді интернет бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін.