Қазақстанда интернет алаяқтық 34 %-ға азайды

Қазақстанда интернет алаяқтық 34 %-ға азайды
Сурет: Tace.uz

Мамандар кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Биыл елімізде интернет алаяқтық әрекеті 34 пайызға төмендеген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Интернет, онлайн қызмет пен ІТ саласына қатысты заңбұзушылықтың артуына байланысты Ішкі істер министрлігі кешенді шаралар қабылдап жатыр. Оның қатарында алдын алу шарасы, заң бұзушылықты анықтау және тергеу бар. Сол сияқты ақпарат, байланыс және ақпараттық технология көмегімен жасалатын қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы қабылданды», - деді Ш.Тұрлыбай министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елімізде киберқылмысқа қарсы күрес мақсатында арнайы жедел тергеу тобы жұмыс істейді.

«Өткен жылы киберқылмыстың алдын алып, күресетін штат қызметкерлерінің саны көбейді. Сонымен қатар интернет алаяқтықты зерттеумен айналысатын топ құрылды. Интернет алаяқтық биыл 3 айдың ішінде өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 34 пайызға азайды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, өткен жылы аталған ведомство елімізде интернет алаяқтықтың өршіп тұрғанын хабарлаған еді. https://lenta.inform.kz/kz/kazakstanda-internet-alayaktyk-orship-tur_a3865243

Айта кетейік, бұған дейін министрлік өкілі заңсыз айналымнан 1 мыңнан астам қару тәркіленгенін жеткізді. https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-zansyz-aynalymnan-1-mynnan-astam-karu-tarkilendi_a3924024