Қазақстанда фрилансерлердің жұмыс табуына арналған платформа ашылады

Қазақстанда фрилансерлердің жұмыс табуына арналған платформа ашылады
Сурет: Аrena.ua

Бұл қажет маманды тез табуға, еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, freelance.enbek.kz сервисі биыл жылдың соңына қарай қосылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл фрилансерлердің қызметін түрлі платформада оңай тіркеуге, қажет маманды тез табуға, еңбек құқығын қорғауға және тапсырыс берушілермен қарым-қатынасты ресми ресімдеуге мүмкіндік береді. 

Одан бөлек, Біржановтың сөзінше, «жас қызметкер» ұғымы мен сынақ мерзімін алып тастау, өзге өңірден жұмысқа келген жастардың тұрғын үй жалдауына жәрдемақы енгізу шарасы қарастырылмақ.