Қазақстанда эпидахуал тұрақталды

Қазақстанда эпидахуал тұрақталды

Еліміздің барлық өңірі «жасыл» аймаққа өтті.

2022 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

«Қызыл» және «сары» аймақтарда еліміздің ешбір өңірі жоқ.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.