Қазақстанда еңбек дауларын тиімді шешудің механизмі енгізіледі

Қазақстанда еңбек дауларын тиімді шешудің механизмі енгізіледі
Сурет: Akchabar.kg

Арнайы құжатқа қол қойылды.

Қазақстан Үкіметі құжат әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ему мақсатында және ұжымдық еңбек дауларын тиімді шешудің механизмін енгізу мақсатында арнайы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азаматтық авиация ұйымдарының жұмыс берушілері және «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы салалық келісімге қол қойылды. Үшжақты келісім 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, құжат әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар, ұжымдық еңбек дауларын тиімді шешудің механизмін енгізіп, осы тараптағы міндеттемелерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар салалық келісім көлік саласындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен мүдделерді қорғау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асыруға да ықпал етпек. Өзара келісімнен туындайтын ережелер тараптар үшін міндетті және ұжымдық шарттар жасасу кезінде оларды алып тастауға немесе азайтуға болмайды.

«Сала қызметкерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды құжатты қабылдауға қатысқан әлеуметтік серіктестерге министрлік атынан зор алғысымды білдіремін», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов.