Қазақстанда экономиканы дамытуға үлес қосқандар марапатталады

Қазақстанда экономиканы дамытуға үлес қосқандар марапатталады
Сурет: Inbusiness.kz

Жаңа медаль.

Қазақстандағы ведомстволық наградалар қатарына жаңа "Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі қосылады. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Қаулы жобасына сәйкес, жаңа медальмен ел экономикасын дамытуға және нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан және шетел азаматтары марапатталады. Медаль Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық медалі болып саналады.

"Жобаны мақсаты – қызметкерлерді, жұмыскерлерді және өзге де тұлғаларды қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері үшін көтермелеу және еңбегін ынталандыру", - делінген қаулының түсіндірме жазбасында.

Медаль сары түсті жез металдан (латунь) диаметрі 34 мм шеңбер түрінде жасалады.