Қазақстанда дақылдардың ұлттық генетикалық банкі құрылды

Қазақстанда дақылдардың ұлттық генетикалық банкі құрылды Сурет: Inbusiness.kz

Орталықты материалдық-техникалық жабдықтау бойынша жұмыстар басталып кетті.


Қазақстанда селекционерлер қауымдастығы және дақылдардың ұлттық генетикалық банкі құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.



«Біз Қазақстанда жұмыс істейтін селекционерлер қауымдастығын құрып жатырмыз. Оған негізінен біздің еншілес ұйымдардың қызметкерлері, ғалымдары кіреді. Бірақ бұл селекционерлер қауымдастығы ашық, біз барлығын ынтымақтастыққа шақырамыз. Мұндай қоғамдық ұйымдар қажетті заңнамалық актілерді, мемлекеттік қолдау шараларын дұрыс дайындауға мүмкіндік береді деп санаймыз, өйткені қоғамдық қауымдастықтар ғалымдардың, бизнестің барлық сұраныстарын жинақтайтын болады», - деді «Тұқым-2022» тұқым күні» келісімшарт конференциясында ҰАҒБО басқарма төрайымы Гүлмира Исаева.



Сонымен қатар, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ базасында биыл ұлттық генетикалық банк іске қосылады. Оны құру үшін ғалымдар үлкен жұмыс атқарды.



«Экспедициялар жүргізілді, біздің еншілес ұйымдарымыздағы барлық генетикалық ресурстардың бар-жоғы тізімделді. Бұл ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 64 мыңнан астам үлгісі. Осы орталықты материалдық-техникалық жабдықтау бойынша жұмыстар басталып кетті. Менің ойымша, биыл, әріптестер, біз сіздерді осы ұлттық генетикалық банкті ашуға шақырамыз», - деп атап өтті ҰАҒБО басшысы. 



Гүлмира Исаеваның бағалауы бойынша, халықаралық талаптарға сай келетін генетикалық банктің өзін құру процесі бірнеше жылға созылады. Бірақ бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды.


Тағы бір маңызды міндет тұқым саласын материалдық-техникалық жабдықтау болып табылады. Селекциямен айналысатын мемлекеттік және жеке ұйымдарға қазіргі техника түрлеріне, жабдықтар мен зертханаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.  Бұл Қазақстандағы тұқым шаруашылығы селекциясының деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16