Қазақстанда бірқатар жолдар көлік қозғалысы үшін ашылды

Қазақстанда бірқатар жолдар көлік қозғалысы үшін ашылды
Сурет: Autoreview.ru

Қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.

Үш өңірде республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскелері автокөлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа енгізілген шектеу алынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қостанай облысында да республикалық маңызы бар барлық күре жолдар ашық тұр.