Қазақстанда бірінші шілдеден бастап дәрілер таңбаланады

Қазақстанда бірінші шілдеден бастап дәрілер таңбаланады
Сурет: Inform.kz

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі толықтырылды.

Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап дәл сол күннен бастап шығарылатын дәрілерге таңбалау енгізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Тізімге мыналар қосылды:

-иммундық сарысулар және қанның басқа фракцияларына керек дәрілер;

-дәрілік пішіндерге немесе бөлшек саудаға арналған пішіндерге немесе қаптамаларға салынған иммунологиялық препараттар;

-емдік, профилактика немесе диагностика үшін дайындалған жануарлардың қаны;

-басқа да барлық дәрілер.

Еске сала кетейік, биыл мына тауарлар да таңбаланады:

-2022 жылғы 1 сәуірден бастап темекі, барлық темекі бұйымдары;

-2022 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқкиімдер.

Қаулы 2022 жылдың 8 мамырында күшіне енеді.