Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді

Қазақстанда алғаш рет турникке тартылудан жарыс өтеді
Сурет: Dymka.com.ua

Жарысқа қатысушылар 9 категорияда бақ сынайды. 

Қазақстанда алғаш рет 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Президент жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің бүкіл аймақтарында турникке тартылудан сайыс өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жоба жетекшісі - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойыша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі, Қазақстандағы Street workout қозғалысының негізін қалаушыларының бірі Айтым Жақыпов. 

Street Workout - көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығу жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі. 

Жарысқа қатысушылар салмағы мен жас ерекшелігіне қарай 9 категорияда бақ сынайды. 

Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтеді. Әр қаладағы 9 категория бойынша жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әлемдік чемпионатқа жолдама ұтып алады.