Қазақстанда алғаш рет темір жолды жөндеуде отандық рельстер пайдаланылды

Қазақстанда алғаш рет темір жолды жөндеуде отандық рельстер пайдаланылды
Сурет: Ашық дереккөз

Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында» ұзын рельстер 800 метрлік желілерге дәнекерленеді

Алғаш рет Ақтөбе рельс белағаш зауытынан (АРБЗ) «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына» отандық өндірістегі 120 метрлік рельс партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Ерекше ұзындықтағы болат рельстерді тасымалдау үшін компания Қазақстанда жасалған ұзын жылжымалы құрамды да арнайы сатып алды.

Ақтөбе рельс белағаш зауыты бұған дейін де темір жол рельстерін жөндеуге 100 метрлік рельстерді жеткізген. Ол кезде Ресейде жалға алынған 100 метрлік рельс тасымалдаушы вагондармен діттеген жеріне жеткізіліп отырған.

«Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында» ұзын рельстер 800 метрлік желілерге дәнекерленеді. Олар жолды күрделі жөндеу кезінде пайдаланылады. Бұл жол конструкциясында түйіспелер аз. Сондықтан олар жолаушылар пойызының кедергісіз қозғалысын және учаскелердегі жүк пойыздарының жылдамдығын арттыруды қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Компания хабарлағандай, ҚТЖ мен АРБЗ арасындағы ұзақ мерзімді келісім бойынша жыл сайын магистральдық теміржол желісін жаңғырту үшін 80 мың тоннаға жуық рельс өнімдері жеткізіледі.